Семейдегі Қаракөл ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты. 

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ

Күн күрт жылынып, қардың жылдам еруіне байланысты қызыл су Қаракөл елді мекеніне жайылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органнан 10 адам және 4 техника суды бұру бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Су тасқынының алдын алу шараларын жүргізу үшін Абай облысы ТЖД-дан 13 адам, 4 техника мен 4 мотопомпа ауылға жұмылдырылды. Барлығы 4 үйдің ауласына су кірген. Департамент қызметкерлері елді мекен аулаларын түгел аралап, мониторинг жүргізуде», - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Қосымша 68303 әскери бөлімінен 20 адам және 1 техника көмекке жіберілді. Сонымен қатар еріген қар суы Семей-Қарауыл тасжолының үсті арқылы өткен. Осы сәтте қызыл судың жайылуы тоқтатылды.

«Семей Жолдары» ЖШС-ның 4 адамы және 2 техникасы тәулік бойы кезекшілікте тұр. 

Соңғы жаңалықтар