Семейдегі оқушының соққыға жығылуы: екі ана ата-ана құқығынан айырылды
Төртінші сынып оқушысын алты бала ұрып, қорлаған атышулы оқиға жалғасын тапты. Абай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша балалардың агрессия танытқан ата-аналарына қатысты ата-ана құқығынан айыру және шектеу жөніндегі істер сотта қаралды.

Ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы талап арыздар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.
Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, мынадай шешім қабылданды.
Кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды.
Тағы бір кәмелетке толмағанның анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал оның әкесінің құқығы шектелді – мұндай шешім оның бала тәрбиесіне ұзақ уақыт бойы араласпауы және алкогольді шамадан тыс қолдануы ескеріліп қабылданды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында.
Еске салсақ, Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққаны хабарланған.
Сондай-ақ 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылып, оқушыны соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылғаны хабарланған.