Семейдегі аспалы көпір үстінде жол апаты болды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі аспалы көпір үстінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін сағат 15.30 шамасында аспалы көпір үстінде екінші жолақтан үшіншіге ауыспақ болған «Matiz» жүргізушісі соңында келе жатқан «Lada Priora» көлігін байқамаған. Салдарынан «Matiz» аударылып, ішінде отырған 2 адам зардап шекті. Cондай-ақ «Hyundai» көлігіне де зақым келді. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.
«Қазір жол апатының себеп-салдары анықталуда. Ал оқиғаға себепкер «Lada Priora» көлігінің жүргізушісі екені белгілі болды. Жүргізуші үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610 бабы бойынша хаттама толтырылды»,-деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов. 