14:22, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Семейдегі Астана күні - бұқаралық серуен
СЕМЕЙ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейліктер еліміздің бас қаласы - Астана күнін бұқаралық серуенмен атап өтпек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мереке орталық саябақта 17:00-де басталады. Қалалықтар сан түрлі көңіл көтеретін шараларға, байқаулар мен ойындарға қатысады. Кештің соңы үлкен концерттік бағдарламаға ұласпақ, оған ұлттық-мәдени орталықтардың көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымы мен танымал әртістер қатысады.