19:34, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Семейдегі қоғамдық қор АҚТҚ жұқтырған адамдарды біріктірді
СЕМЕЙ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - АҚТҚ жұқтырған адамдардың қазақстандық одағының қолдауымен өткен жылдың аяғында Семейде құрылған «Өз таңдауың» қоғамдық қоры БҰҰ Жаһандық қорының жобасын іске асыру жұмыстарын қолға алды.

Халықтың әлжуаз ортасындағы АҚТҚ жұқтырудың алдын алудың волонтерлер бағдарламасы ретінде осы инфекциямен өмір сүріп отырған адамдар тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық қордың жетекшісі дәрігер-эпидемиолог Нәйла Мамырбекованың айтуынша, қоғамдық қорға өмірлік проблемалармен - АҚТҚ жұқтырған - инфекция байланыстыратын түрлі әлеуметтік орта өкілдері енді.
Қордың міндеті - АҚТҚ жұқтырған адамдарды мемлекеттің және жеке сектордың кемсітуінен қорғау, оларға психологиялық жағынан көмек беру, қоғамда өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау.
Қазіргі уақытта Семейде АҚТҚ жұқтырған 138 адам өмір сүреді. Олардың 7-еуі әйел және 1-еуі екі жасар бала, сондай-ақ АҚТҚ жұқтырған әйелдер туған 2 бала.