Семейдегі орман өрті негізінен түнде сөндірілуде – жедел штаб

«Желдің көтерілуінен жағдай қиындап барады. Қазір өрт Таврия ауылындағы Каштак орманшылығына қарай бет алды. Техниканың 65%-ы сонда жұмылдырылды. Ал Успен орманшылығында шағын өрт ошақтары шығып жатыр. Өртпен күрес негізінен түнде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Жерновка ауылында ахуал өршіп тұр, себебі техниканы ауыл аумағына кіргізуде кедергі бар», - деді Дмитрий Гариков.
Оның айтуынша, өрт сөндірушілердің қазіргі міндеті – жалынды елдімекендер аумағына жібермеу.
«Тұрғындар әзірге үйлерінде, олар хабардар. Таврия елдімекені қауіпті аймақ ретінде қалып отыр, өйткені жел сонда бағыт алуда. Қазір облыс және қала әкімі Каштак орманшылығында», - дейді ол.
Сонымен қатар жедел штаб басшысы тілсіз жаудың салдарынан Бестапаев және Успен орманшылығының ірі көлемде зардап келгенін айтты.
«Мұндай ірі көлемде өрт көрген емеспін, алғашқы 22-нен кейін өрттен кейін біз өзімізді сенімдірек ұстаудамыз. Айтпақшы, азық-түлік жетпей жатыр деген жалған ақпарат. Тұрғындарға, волонтерлер мен жанашыр жандарға алғыс айтамыз. Жұмыс жалғасып жатыр», - дейді Д. Гариков.