Семейдегі «СемАЗ» зауытында техника бөлшектері құрастырыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейдегі «СемАЗ» зауыты қазақстандық мазмұнды арттырып келеді. Солардың бірі - «Шахман» жүк көліктері. Қазір техниканың шанағы мен кейбір бөлшектері өзімізде құрастырыла бастады. Соның арқасында 50 адамға жұмыс табылды, деп жазады 24.kz.
None
None

Зауыт күніне 3-4 «Шахман» жүк көлігін шығарады. Жуықта мұнда 50 жұмыс орны ашылды. Себебі дәл осы үлгінің қазақстандық мазмұны 38%-ға артқан. Жалпы жүк көлікті құрыстыру жұмыстарында120 адам еңбек етуде.

«Шанағы мен кейбір бөлшектерін осында жасаймыз. Ол біздің оқшаулау деңгейін арттырды, қосымша 50 шақты жұмыс орны ашылды. Біздің қаламыздың және республикамыздың экономикасына қосқан үлес», - дейді өндіріс басшысы  Жандос Ілиясов.

Жыл соңына дейін 400 техника құрыстыру жоспарда тұр. «Алайда тапсырыстар көбейсе, бұл көрсеткішті 2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік бар», - дейді зауыттағылар.

Соңғы жаңалықтар