Семейдегі жарылыс: ер адам сіріңкенің шиімен газ баллонын тексеріп көрген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Семейде 68 жастағы үй иесі газ баллонының дұрыстығын сіріңкенің шиімен тексеріп көрмекші болған. Сол сәтте-ақ газ-ауа қосындысының жарылысы болған, деп мәлім етті ТЖ департаменті «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Семейдегі жарылыс: ер адам сіріңкенің шиімен газ баллонын тексеріп көрген

Жалыннан шыққан от бірден ас үйге тараған. Өрт ас үй жиһаздарын, тұрмыстық техникаларды, терезенің ағаш жақтауларын, сондай-ақ төбенің ағашты бөліктерін шарпыған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен үй иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Тілсіз жаумен үш техника және жеке құрамның 20 мүшесі арпалысты. Өрт ауданы 40 шаршы метр.

Мамандар өрттің шығуына екі себепті анықтап отыр: газ құрылғысын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және отты абайсыз пайдалану.