Семейдегі ЖЭО-да көмір беру жүйесінен басқа агрегаттар толықтай жұмыс істеп тұр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы ЖЭО-да көмір беру жүйесінен басқа агрегаттар толықтай жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазір 1-жылу электр орталығында 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы 60 градуста берілуде.

«Көмір беру жүйесінен басқа агрегаттың барлық тораптары қалыпты режимде жұмыс істеуде. Осыған байланысты көмір қазандыққа қолмен тиелуде. Бұл үшін ЖЭО қызметкерлерінен басқа ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің 50 адамы тартылды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 00:34-те Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын.

Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар