Семейден Павлодарға бет алған 50 автокөлік боранда жолға шыға алмай тұр

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Павлодар облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, мұз, боран) барлық көлік түрлеріне, жол қызметтері арнайы техникасын қоспағанда, уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Семейден Павлодарға бет алған 50 автокөлік боранда жолға шыға алмай тұр
Фото: Видеодан алынған скрин

Шектеу «ҚХР шекарасы – Майқапшақай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ» автожолының 587-733 км учаскесіне (Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейін) қатысты.

20:00 жағдайы бойынша Семейден Павлодарға қарай 50 автокөлік тоқтап тұр, оның ішінде 15 жүк көлігі және 35 жеңіл көлік. Күтуші автобустар мен кәмелетке толмаған жолаушылар тіркелмеген.

Оқиға орнында Абай облысы ПД қызметкерлері жол және жедел-құтқару қызметтерімен бірлесіп кезекшілікте тұр. Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қозғалысты реттеп, жүргізушілерге қажетті көмек көрсетіп жатыр. 

Айта кетелік қарашаның қара суығы бұрқасынға ұласатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар