13:12, 20 Ақпан 2010 | GMT +5
Семейдің 50 соғыс ардагері Жеңіс күні қарсаңында пәтер алады
СЕМЕЙ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мәліметі бойынша, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты жергілікті бюджеттен соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне пәтер сатып алу үшін 61 миллион теңге бөлінді.
300 соғыс ардагері пәтерлерін тегін жөндеу тізіміне енгізілді. Облыс әкімдігінің шешімімен соғыс ардагерлерінің барығына тұрғын үй-коммуналдық төлемдер үшін 5 мың теңгеден қаражат беріліп отыр.
Жүргізілген зрттеулерге қарағанда, Семей аймағында тұратын 11 соғыс ардагері мүгедектер арбашасына, 219 соғысқа қатысушы - тіс емдетуге, жүзге тарта адам - есту аппаратына мұқтаж.
Семейде бүгінгі таңда 402 Ұлы Отан соғысына қатысушы және үш мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.