17:47, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Семейдің биоорталығында елік лақтады
СЕМЕЙ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина / - Семей қаласындағы балалар биологиялық орталығының жас натуралистері мен мұғалімдері кезекті қуанышқа бөленді: еліктердің ұзақ күттірген соңғы екі жыл ішінде төл басын көбейтудің сәті түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиғаның бір ерекшелігі - биоорталықта тек қана ұрғашы еліктер ғана ұсталатын. Бірақ өткен күзде аймақ тұрғындары шағын хайуанаттар бағына жаралы еліктің текесін әкеліп тапсырды. Міне одан ұрпақ тарап отыр. Бұл оқиға орталық мамандарының сібір еліктерінің басын алдағы уақыттары көбейтуге деген үміт отын тұтатты.