11:12, 22 Қаңтар 2013 | GMT +5
Семейдің саяжайлық кооперативінде болған өртті сөндіру кезінде бір бала құтқарылып, тағы біреуінің мүрдесі табылды
ӨСКЕМЕН. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Семейдегі «Восточный правый» кооперативінің шағын саяжайлық үйінде болған өрттен 3 жасар бала құтқарылды, онда иіс тиіп улану белгілері бар.

Бұдан кейін, тексеру барысында өрт сөндірушілер ересек адамның толық өртеніп кеткен және 5 жасар баланың жарым-жартылай өртенген мүрделерін анықтады.
Өткен тәулікте өрт сөндірушілер облыс аумағында 6 өрт ошағын жойды.