21:07, 28 Желтоқсан 2025 | GMT +5
«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды
ТАРАЗ. KAZINFORM — Тараз қаласында 27-28 желтоқсан аралығында футзалдан Қазақстан кубогының финалдық ойыны өтті.
Басты жүлдені «Ақтөбе» мен «Семей» командалары өзара сарапқа салды.
Айта кетейік, жартылай финалда «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» 5:4 есебімен тізе бүктірсе, «Семей» «Атыраудан» 4:3 есебімен басым түскен болатын.
Бүгінгі тартысқа толы ойында семейліктер 5:2 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші рет кубок жеңімпазы болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтетінін хабарлағанбыз.