Семейге МАГАТЭ-нің сарапшылары келді

СЕМЕЙ. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдегі онкологиялық диспансерінің сәулемен емдеу бөлімін жаңарту жөніндегі жоба аяқталуға жақындады. Осыған байланысты мұндағы атқарылған жұмыстар қорытындысымен танысу үшін Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылары қалаға келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.МАГАТЭ-нің сарапшылары медицина, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары бойынша Семей аймағымен бірнеше жылдан бері әріптестік ынтымақтастықта болып келеді. Сәулемен емдеуді жаңарту жөніндегі жоба ? қазіргі заман талаптарына мейлінше лайықтандырылған, оның қолға алынғанына небәрі екі жылдай ғана уақыт болды. Сарапшылар атқарылған жұмысты жоғары бағалады. Онкологиялық диспансердің бірқатар мамандары арнайы біліктілік оқуынан өткен. Биылғы жылы да, бірқатар онколог-дәрігерлер шет елдерде тәжірибеден өтпек. МАГАТЭ-нің көмегімен диспансерде жаңа рентген аппараты орнатылған, бұдан басқа да арнайы медициналық заманауи аппаратар әкелінеді деп жоспарлануда. Осы жобаларды қаржыландыру үшін Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік шамамен жарты миллион АҚШ долларын бөлмек.
Соңғы жаңалықтар