Семейлік А. Асылбай «Шығыс кәдесыйы» өңіраралық V қолөнер байқауының Гран-при иегері атанды (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс сувенирі» өңіраралық V қолөнер байқауының нәтижесі бойынша Семейден келген Абылайхан Асылбай Гран-при иегері атанды, енді ол өз жұмыстарымен республикалық «Шебер» байқауына қатысады.
None
None

Жеңімпаз жұмысы әр алуан орындау шеберлігімен ерекшеленеді: күміс және сары металл сымнан тоқылған әскер сауыты, болаттан жасалып, былғары қапқа салынған қылыш, металдан әйел әшекейлері, әртүрлі өрілген қамшы, ат әбзелдері, ер-тоқым және т.б.

Шебер жұмысының материалдан бөлек бұйымдарды өңдеу ептілігі таң қалдырады. Ол өзін 6 жыл бойы үйреткен ұстазының «нағыз шебер кез келген материалмен жұмыс істей алуы тиіс» деген сөзін атап өтті.

Абылайхан шығармашылықпен ауыр жағдайға душар болып, яғни мүгедек болып қалғаннан кейін айналысуға бел буған екен. Жылдар бойы кәсіби құрылысшы болған. Бір күні орманда биіктен құлап, омыртқасы зақымданады. Аяғы қозғалмай, қолы әлсіреген. Күйзеліске түскен ол уайым-қайғысын жеңу үшін ежелгі ағаш қолөнерін игеруді қолға алыпты.

Әрине, сауыт жасау өте күрделі, көп еңбектенуді қажет ететін жұмыс, деді Абылайхан. Әйел әшекейлерін жасау үшін ұсақ бедерлермен жұмыс жасау керек.

Айтқандай, 70 адам қатысқан байқау қорытындысы бойынша финалға бес номинациядан жеңімпаздар шықты. Әр аталымда бірнеше жеңімпаздар бар.

Сергей Тыркин қайың қабығы, ағашпен түрлі тәсілде жұмыс істейді. Әсет Қуандықов тері мен күдеріден әйел әшекейлерін жасайды. Заттар өте әдемі, ерекше, заманауи. Семейден келген Күлеш Төлеубаева ерекше талғаммен киіз басады. Лидия Васютина бірнеше жылдан бері жылытатын қуыршақ тігеді.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және жүлделермен марапатталды.

Қазақстандық қолданбалы өнер шеберлері бұйымдары өңіраралық байқауын ұйымдастырушылардың (Семейден «Айша бибі» АА, облыстық этнографиялық мұражай) айтуынша, көрме Жеңістің 70-жылдығы мен ҚХА 20-жылдығының аясында өтуде.

Байқауға әр алуан техникада, жанрда 500-ге жуық жұмыс ұсынылған. Көрме «Жастар» қалалық саябағында өтті. Тұрғындар мен қала қонақтары, осы күндері Өскеменде өтіп жатқан екі халықаралық форумның - титан өнеркәсіпшілері және мұражай қызметкерлерінің конференциясына қатысушылар өңірлік дизайнерлердің костюм үлгілері дефилесін тамашалай алды.

Соңғы жаңалықтар