Семейлік әскерилер «Жеңіске құрмет» марафонының эстафетасын қабылдап алды (ФОТО)
«Бүгін Семейдегі гарнизондық Офицерлер үйінде қазақстандық әскери қызметшілердің бірнеше ұрпағы кездесті. Өткен жылдың соңына қарай басталған «Жеңіске құрмет» акция-марафонына қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетті. Олар үшін сыйлықтар, гүлдер мен құттықтаулар дайындалды», делінген хабарламада.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонына эстафета бойынша Қарағанды қаласынан келіп жеткен Жеңіс жалаушасын тапсыру ең салтанатты сәтке айналды. Жеңіс жалаушасын капитан Ерлан Нұралин қабылдап алып, осылайша, оны 8 қаңтарда Қапшағай гарнизонының әскери қызметшілеріне жеткізу құрметіне ие болды.
«Біздер, Отан қорғаушылар үшін Жеңіс жолында барын берген батырлар туралы естеліктер аса қасиетті, олардың ерлігі ұрпақтар үшін өшпес өнеге болып қала бермек», - деді А.Мұқатаев.
15 қаңтарда аяқталатын акция соңына қарай Жеңіс жалаушасы «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне табыс етіледі.