Семейлік әйелдердің қоғамдық қызметі алғысхатта атап өтілді

СЕМЕЙ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ -  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері  және  отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Семей қаласындағы екі тамаша әйелдің қоғамдық қызметін  алғысхаттармен атап өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық комиссия қызметінің 10 жылдығына байланысты қаланың ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанна Жағыпарқызы Жыбыраева мен «Қайнар-Семей»  университетінің бірінші проректоры, ғылым докторы, академик, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Семей қаласы бойынша филиалының атқарушы директоры Ақмарал Сәбитоллақызы Мағауованың қоғамдық қызметтері атап өтілді.

Комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова өз хатында оларға жемісті қызметтері, жоғары кәсіби жұмыстары, ортақ іске қосқан  баға жетпес үлестері үшін алғыс білдірген. Атап айтқанда, хатта  бұл әйелдердің жинақтаған тәжірибелері мен шығармашылық қадамдары ҚР гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру жөнінде көптеген тапсырмалардың шешімін табуына оң ықпал етті, деп атап өтілген.

Соңғы жаңалықтар