Семейлік студенттерге дұрыс тамақтану негіздері үйретілді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті және қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» бірлесе отырып, «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы», «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының» қолдауымен, «Саламатты Қазақстан - 2050» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Саламатты жас Қазақстан» әлеуметтік жобасын бастады.
None
None

Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады.

«Қызмет көрсету» колледжінде «Саламатты жас Қазақстан» әлеуметтік жобасы негізінде студенттерге «Тиімді әрі дұрыс тамақтану және психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету» семинар-тренингі өтті. Аталған іс-шараға 30 студент қатысты.

Бұл жобаның басты мақсаты - тиімді әрі дұрыс тамақтанудың принциптеріне үйрету арқылы жастардың физикалық және ойлау қабілетін нығайту.

«Жастар орталығы» директорының міндетін атқарушы Қайсар Еркінбаевтың айтуынша, «Жастар орталығының» негізгі бағыттарының бірі - жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене қуаты әлеуетін, қазақстандық отансүйгіштікті дамыту. Осы мақсатқа жету үшін психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетуді жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар