«Семізбай-U» кенішінде өндірілген алтын 410,8 келіге жеткізіледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданда жұмыс бабымен болған облыс әкімі Альберт Рау өңірдегі жыл ішіндегі экономикалық және әлеуметтік даму үрдісін тілге тиек ете келе, әлі де болса ішкі мүмкіндіктің толық игерілмей отырғанына баса назар аударды. Енді ғана іске қосылған алтын кенішінде озық технология өндіріске енгізілген. Бірақ қайтарымы баяу. Ал «Қазгер-Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік облыс және Астана тұтынушыларын жұмыртқа, құс етімен қамтамасыз етуге бағытталған. «Үзбой» кеніші құрамында алтын бар кен өндіруге негізделген. Жыл ішінде онда 432 мың тонна кен өндіріліп, жыл соңына дейін ол миллион тоннаға жетпек. Яғни, еліміздің алтын қорына жыл ішіндегі жөнелтілетін бағалы металл 410,8 келіге жеткізілетін болады.
Аймақ бойынша 2008-2010 жылдары 8,4 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Оның 2,5 миллиард теңгесі өз қаржылары болмақ. Бұл өңір әлеуетін арттырудың мол мүмкіндігі екенін атап көрсеткен облыс басшысы, ертеңгі күні жұмыссыздар қатарын азайту, «Жол картасы» бағдарламасын орындауды жүктеді.