«Семізбай-V» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 15 тонна уран кені өндірілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Озық инновациялық технологияға негізделген жаңа өңдеу кәсіпорнында жыл ішінде барлық құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды құрастырып, іске қосу шешімін тапты. Енді міне, алғашқы өнім Степногор тау-кен химия комбинатында алғашқы өңдеуден өткізіліп, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарындағы тұтынушыларына жөнелтілді. Нәтижесінде 220 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Қазір кәсіпорында вахталық әдіспен 112 адам жұмысқа тартылған, олардың айлық табыстары 81 мың теңгені құрап отыр.
2013 жылы кәсіпорын толық қуатында іске қосылып, жылына 300 тонна кен өндіріледі, 240 адам жұмыспен қамтылып, айлықтары 150 мың теңгеге жеткізілмек. Олар үшін вахталық қалашық салынып, барлық тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлар ескерілген.