Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды.

семсерлесушілер
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан ұтылды. Қорытынды есеп – 36:35

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше еліміздің спортшылары командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын емсерлесуші Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.