Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, тарихи медальға қол жеткізді

ТБИЛИСИ. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы семсерлесуден Грузия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 

Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, тарихи медальға қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, семсермен айқасудан командалық жарыста Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов сынға түсті. 

Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар әйгілі Франция құрамасымен кім мықтыны анықтады. Біздің семсерлесушілер кездесудің басынан-ақ басымдық танытып, сол үстемдігін жарыс соңына дейін сақтап қалды. Нәтижесінде 45:31 есебімен жеңіске жетті. 

Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, тарихи медальға қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының командалық жарысында медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 2023 жылы Руслан Курбанов жекелей сында елге тарихи қола медаль әкелген болатын.

Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, тарихи медальға қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұған дейін семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар