Семсерлесуден әлем чемпионаты: Руслан Курбанов 1/8 финалда жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Курбанов ширек финалға шыға алмады.

Семсерлесуден әлем чемпионаты: Руслан Курбанов 1/8 финалда жеңіліп қалды
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ол семсер қаруымен айқасудан 1/8 финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандасымыз Беларусь спортшысы Марк Семоненкомен кездесіп, қарсыласы 14:13 есебімен жеңіске жетті.

Руслан Курбанов жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында күміс алды.

Қылышпен семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар