Семсерлесуден Азия чемпионаты: Руслан Курбанов — қола жүлдегер
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Руслан Курбанов жекелей сында үздік үштікті түйіндеді.
Ол жартылай финалда тайпейлік Ранг Лимен аса тартысты кездесу өткізіп, 12:15 есебімен жол берді.
Бұдан бұрын Руслан Курбановтың жартылай финалға жолдама алғанын жаздық.
Өкінішке қарай, өзге спортшыларымыз жартылай финалға шыға алмады.
Кирилл Проходов ширек финалға дейін жетсе, Ерлік Сертай 1/8 кезеңде жарыс жолынан шықты.