23:53, 26 Маусым 2024 | GMT +5
Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты
АСТАНА. KAZINFORM – Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер құрамасы финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасынан басым түсті.
Сондай-ақ турнир барысында Қатар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларының спортшыларын жеңді.
Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.