13:12, 10 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан үш медаль алды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды.
Халықаралық спорт жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 3 медаль еншіледі. Оның үшеуі де – қола жүлде.
Қыздар арасында қылышпен айқасудан бақ сынаған Наиля Исхакова үздік үштіктен көрінсе, ерлер арасында рапирамен семсерлесуден сынға түскен Евгений Токанов пен Мансұр Естеу де үшінші орынды қанағат тұтты.
Еке сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден Грузия астанасындағы әлем чемпионатында Францияны жеңіп, тарихи медальға қол жеткізгенін жазған едік.