Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Олимпиада жүлдегерлеріне жол берді. Енді олар әлем чемпионатының қола медаліне таласады. 

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Фото: ҰОК

Отандастарымыз Тбилисиде өтіп жатқан әлем біріншілігінде командалық бәсекенің жартылай финалына дейін жетті.

Аталған кезеңде Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді. Тартысқа толы кездесу 42:41 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар жекпе-жектің соңына дейін басымдыққа ие болғанымен, жапониялықтар есепті теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды.

Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Мажарстан – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кім мықтыны анықтайды. 

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайтынын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар