Семсерлесуден U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — 28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыста отандастарымыз барлық қару түрлері бойынша жүлдеге таласады.
Шпага: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская
Сабля: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Абжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай
Рапира: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Актаева, Алена Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева
Айта кетейік, Азия чемпионаты 2 қарашада аяқталады.
Қазақстан семсерлесушілері әлем кубогының алтын медалін жеңіп алғанын жазған едік.
Қазақстан семсерлесуден төрт айда үш тарихи жеңіске қол жеткізді.