Сенат Алматыда ДДҰ кеңсесін ашу туралы заң жобасын қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
None
None

Офистің негізгі міндеттері медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту саласында денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстарды күшейту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының денсаулық сақтау қызметтерін әділ, қайырымды, нәтижелі және тиімді ұсынуға қатысты өңірлік және жаһандық деңгейде қабылданған міндеттерін орындау жөніндегі қызметіне жәрдемдесу және қолдау көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасында жоғары сапалы функционалдық және инновациялық білім беру, медициналық қызмет көрсетуде үйлестіруді, интеграциялауды және үзіліссіздікті қамтамасыз ету, паллиативтік көмекті қоса алғанда, созылмалы жай-күйлерін ескере отырып, өмірдің әртүрлі кезеңдерінде пациенттерді және ауру жағдайларын қадағалап отыру, сонымен бірге мүше мемлекеттер денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды ұлғайту жөнінде күш салуда ұшырасатын басқа өзекті мәселелер бойынша нормалар бекітілген.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар