Сенат АӨІСШК-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты заң жобасын қабылдады
оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, конвенцияның мақсаты - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шарлары жөніндегі кеңес хатшылығына АӨІСШК-ға мүше әрбір мемлекеттің аумағында құқық қабілеттілігін, сондай-ақ әкімшілік-сот, құқық қорғау және қазыналық-қаржылық сипаттағы артықшылықтар мен имунитеттер беру болып табылады. Конвенцияда АӨІСШК хатшылығының әкімшілік-техникалық және қызмет көрсету функцияларын атқаратын басқарушы және кәсіби персоналы мен олардың отбасы мүшелеріне артықшылықтар мен иммунитеттер беру туралы нормалар бекітілген. Заң жобасы отырыста бірауыздан мақұлданды.