Сенат Аппаратының Басшысы НАТО Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысының орынбасары бастаған делегациямен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Аппаратының Басшысы Мұрат Нұртілеуов НАТО Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Закари Сэлден бастаған делегациямен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу барысында НАТО Парламенттік Ассамблеясының үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақстанда болатын «Роуз-Рот» парламентаралық семинарын өткізуге әзірлік мәселелері талқыланды. М.Нұртілеуов форум алдында өтіп отырған осы сапардың маңыздылығын атап өте келіп, алдағы шараның парламентаралық байланыстарды нығайтудағы ерекшеліктеріне тоқталды.
Соңғы жаңалықтар