Сенат банк пен қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты құжатты қабылдады

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Отырыста бұл құжат бойынша баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқовтың айтуынша, заң жобасының негізгі міндеттері банктердің ашықтығын қамтамасыз етіп, қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейтеді. Сонымен қатар ол банк холдингтері мен конгломераттардың, сақтандыру холдингтері мен топтарының, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оның ірі қатысушыларының қызметіне қадағалауды күшейтеді. Бұған қоса құжатта құнды қағаздарды дамыту мен жинақтаушы зейнетақы қорын жетілдіруге бағытталған нормалар бар.

Соңғы жаңалықтар