Сенат депутаттары Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз беру жөніндегі келісімді ратификациялады
(Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі) |Жамбыл облысындағы жол учаскесі| |Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі| Инвестициялық бағдарлама - 4 жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Отырыста аталған заң жобасы бойынша баяндаманы Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр жасады. Оның айтуынша, құжаттың мақсаты - Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету үшін Азия Даму Банкінің қаражатын тарту болып табылады. Бұл амал халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыстың қарқындылығын едәуір арттырады және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіні ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы сомасы 112 миллион АҚШ доллары болатын келісімге 2011 жылғы 7 маусымда қол қойылған. Қарызды Азия Даму Банкі 4 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 20 жылға береді.