11:32, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сенат депутаты А. Мұсаханов Алматы облысында «Нұрлы жол» Жолдауын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын халыққа түсіндіру аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов және Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов Алматы облысындағы Қарасай ауданының активімен кездесті.
«Нұрлы жол» Жолдауын түсіндіру барысында сенатор А.Мұсаханов құжаттағы көлік-логистика, индустрия, энергетика, әлеуметтік инфрақұрылым секілді негізгі бағыттарды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне тоқталды.
Ақпараттық-насихат тобының мүшелері Қаскелең қаласындағы «Алматыгаз-сервис-Холдинг» ЖШС ұжымымен кездесіп, аймақтағы әлеуметтік маңызы бар нысандар жұмысымен танысты.