12:05, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сенат депутаты Е. Мұқаев Батыс Қазақстан облысында кездесу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысындағы Сайхын ауылының тұрғындарымен кездесті.
Сенатор Е. Мұқаев Мемлекет басшысы Жолдауының ерекшеліктеріне тоқталды. «Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда», - деген сенатор Елбасы Жолдауының ережелерін атап өте келіп, бұл жағдайдағы еліміздің банк жүйесінің жұмысы, несие мәселелерінің шешілуі туралы хабардар етті.