Сенат ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының қағидалары туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттама ратификациясын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары "2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" және "2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын қабылдады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жоғарыда аталған келісімдерге 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысында қол қойылған болатын. ҚР Президенті 2015 жылдың қазан айында аталған құжаттарды ратификациялау туралы ҚР Заңдарына қол қойды. Келісімдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде (әрі қарай - ЕАЭО) тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сай келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасының менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес болатын медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕАЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады. 

Келісімдерге Армения мемлекетінің қосылуы туралы хаттама ҚР Президентінің 2015 жылғы 27 қарашасындағы Қаулыларымен мақұлданды.

Хаттамаларды ратификациялау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол ЕАЭО мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру шараларын қабылдау арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО мүше-мемлекеттері халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. 

Аталған хаттамаларды ратификациялау Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығында лайықты орын алып, отандық фармацевтикалық өнімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар