10:21, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялаутуралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Оның айтуына қарағанда, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.
«Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», - деді Ерұлан Жамаубав.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.