Сенат халықаралық лизингті дамытуға қатысты құжатты қабылдады

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенат депутаттары жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының,
None
None

машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Бұл келісімге 2010 жылдың 21 мамырында Санкт-Петербор қаласында қол қойылған. Келісімнің 2-ші бабына сәйкес, онда белгіленетін шарттарды тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту үшін қолданады. Сондай-ақ халықаралық ұйымға мүше елдер өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, халықаралық лизинг нысанына қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өз мемлекеттерінің ұлттық занамасында көзделген халықаралық лизингті дамыту үшін коммерциялық құрылымдардың, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қаражатын жұмылдыру шараларын жетілдіреді.

Соңғы жаңалықтар