Сенат: Италиямен адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.
None
None

«Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Италияда жасырынып жүретін болса, онда Италияның құқық қорғау органдары оны ұстап, біздерге табыстай алады. Яғни, экстрадициялайды. Шарт бұл үшін барлық құқықтық мүмкіншіліктерді жасайды. Өз кезегінде, Қазақстан да Италияда қылмыс жасап, біздің еліміздің жасырынып жүрген тұлғаларды беруге міндетті болады. Әрине, кейбір жағдайда тараптар құқықтық көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін. Нақты негіздемелері шартта айтылған. Мәселен, қылмыстық істер немесе мемлекеттің егенмендігіне нұқсан келтіретін және басқа да маңызды мүдделерде», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Италия тарабы да шартты ратификациялау бойынша сәйкесінше процедураларды жүргізуде.

Айта кетерлігі, Қазақстан мұндай шартты 14 елмен жасасқан.

Соңғы жаңалықтар