Сенат Италиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарты ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

«Бұл заң Қазақстанға не береді? Мәселен, бірқатар қылмыстық істер бойынша тергеу іс-қимылдарын Италия аумағында жүргізу қажеті туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда, әдетте куәгерлік түсінік пен заттай айғақтар алу қажет. Ал ол үшін қажетті тергеу іс-қимлыдарын жүргізуге аталған елдің келісімі керек. Аталған құжатсыз, мәселен, Италия біздің сұранысымызды қараудан бас тартуға құқылы. Толықтай алғанда, бұл үлгілік құжат, ол мазмұны бойынша осындай шарттардан еш айырмашылы жоқ. Тек техникалық ерекшелігі бар. Мұндай шартты біз 21 елмен жасасқанбыз», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Италия да аталған шартты ратификациялау процедураларын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар