Сенат: Қазақстанның бітімгершілік қызметі туралы заңы қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республткасының бітімгершілік қызметі туралы» Заң жобасын мақұлдады.
None
None

«Біздің еліміздің бейбіт ұстанымы халықаралық қауымдастық тарапынан ерекше бағаға ие болды. Бүгінгі күні бітімгершілік - игілік миссиясын іс жүзінде жүзеге асыру еліміздің Қарулы күштеріне жүктелген. Олар бұл қызметті абыроймен орындап отыр. Осы ауқымды міндеттің алдағы уақытта да Қазақстан армиясының маңызды қызметінің бірі болатыны сөсіз», - дейді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда бітімгершілік қызметтің нысанды сипаты мен мақсаты реттеуді талап етеді. Өкінішке орай, бізде қазір бұл сала Конституцияның 53-ші бабында, Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы күштері туралы заңының 32-ші бабында, Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда тек бірнеше құқықтық нормамен реттелген. Сондықтан Қазақстан Республикасының бітімгершілік туралы заңын қабылдаудың қажеттілігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. «Заңды әзірлеу кезінде еліміздің шет елдердегі бұрынғы тәжірибелері мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «бітімгершілік операцияларына қатысу туралы» модельдік заңының нормалары ескерілді. Заң жобасы бекітілген тәртіп бойынша барлық мемлекеттік органдармен келісілді. Заң жобасы мыналарды көздейді: Қазақстан Республикасының Бітімгершілік қызметінің негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттерін, әскери және азаматтық персоналды жіберу тәртібін, бітімгершілік қызметке қатысушы адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің жауаптық шараларын, бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде әскери персонал үшін ақшалай қаражатты және азаматтық персоналдар үшін жалақыны үш есе артық төлеуді, бітімгершілік операциясына қатысқандарды әскери іс-қимылдарға қатысқандарға теңестіру, курорттық емделуге, бітімгершілік операциясы аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын, мемлекеттік органдардағы жұмыс орнының сақталуын, ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен қаза тапқан, мертіккен, сырқаттанған жағдайда өтемақы төлеуді көздейді», - дейді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар