Сенат комитеті Қарағанды облысында көшпелі отырыс өткізді

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысында болған көшпелі отырысында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жабдықтау проблемалары мен шешу тәртібі» мәселесі талқыланды.
None
None

Отырысты аша келіп, комитет төрағасы Икрам Адырбеков еліміздің Қарулы Күштерді жаңғырту, кәсіби дайындық пен жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қазақстандық әскердің қазіргі заманғы қару-жарақпен жабдықталуы саласында осы тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

Осы саладағы нормативтік-құқықтық реттеу мәселелеріне қатысты сенатор «заң шығарушылар алдында қазіргі уақыттың қауіп-қатерлеріне жауап бере алатын заңнаманы одан әрі жетілдіру міндеті тұр», деді комитет төрағасы.

И.Адырбеков айтқандай, қазіргі кезде еліміздің қорғанысы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдармен және Әскери доктринамен және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

«Әскери қызметтің және әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін көтермей армияның жауынгерлік қабілетін қалыптастыру мүмкін емес», деген депутат мемлекеттің әлеуметтік саясатын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге назар аударды.

Биыл Сенат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңды және заңнамаға қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін заң қабылдады.

И.Адырбековтің айтуынша, Қарулы күштердің құрылысында әскери қызметшілер қатарын мамандармен толықтыру, жұмылдыру резервін даярлау, әскердің жауынгерлік әзірлігі, полигондар мен оқу кешендерінің оқу-материалдық базасын нығайту, әскери мамандарды даярлау жүйесін жақсарту ерекше орын алады.

- «Жалпы қарағанда, қоғамдағы барлық жаңғырулар, мемлекеттің орнықты даму Қарулы күштердің тыныс-тіршілігіне байланысты», - деді сенатор.

Көшпелі отырыс барысында сөз алған қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы С.Жасұзақов әскери мекеменің келешегі және қазіргі атқарып отырған қызметі жайында хабардар етіп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар Ә.Ахметов, М.Алтынбаев, О.Әбдікәрімов, Ғ.Қасымов, С.Кулагин, О.Рахманбердиев комитет төрағасы И.Адырбековтың басшылығымен Қарағанды гарнизонының әскери бөлімшесінде болып, «Спасск» әскери полигонында Н.Әбдіров атындағы әуебазасының жеке құрамымен кездесті.

Талқылауды қорытындылай келіп, комитет төрағасы И.Адырбеков еліміздің қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін нығайту саласындағы заңнаманы одан әрі дамытуда осы кездесудің пайдалы болғанын атап өтті.

Депутат айтқандай, әскери қызметшілер айтқан барлық өткір мәселелер комитет депутаттарының назарына алынып, оны шешу мақсатында Үкіметке ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар