Сенат комитетінде «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулер қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
None
None

Заң жобасы 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға байланысты әзірленді.

Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2015 жылы 101,2 пайыз деңгейінде бағаланып отыр, бұл бұрын болжанған деңгейден 0,3 пайыздық шекке төмен, 2016 жылы - 102,1 пайызға және 2017 жылы - 103,6 пайызға бағаланады.

ЖІӨ-нің 2015 жылға арналған номиналды көлемі 41 701,2 млрд. теңге көлемінде болжанады, бұл алдыңғы болжамдармен салыстырғанда 393,6 млрд. теңгеге жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі 2015 жылы 1,8 пайызға қысқарып, 2017 жылы 3,3 пайызға дейін артады.

Болжамдар бойынша мұнай өндіру 2015 жылы 79,0 млн. тонна, 2016 жылы - 77,0 млн. тонна, 2017 жылы - 79,0 млн. тонна, 2018 жылы - 82,0 млн. тонна, 2019 жылы - 84,0 млн. тонна құрайды.

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі және сыртқы сауда көлемінің төмендеуі нәтижесінде 2015 жылы көрсетілетін қызметтер саласының өсімі 2,5 пайызға дейін қысқарады.

2015 жылы ауыл шаруашылығында (105 пайыз), құрылыста (104,5 пайыз), көлік пен жиып қою саласында (106,0 пайыз) және саудада (101,6 пайыз) оң өсу қарқыны күтіледі.

Ұлттық Банктің болжамдары бойынша 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 39,2 пайызға, 48,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендейді, импорт 21,8 пайызға, 34,4 млрд. АҚШ долларына дейін төмендейді.

Инфляция деңгейі 8-10 пайыз аралығында айқындалды.

Нақтыланған макроэкономикалық болжамды ескере отырып, республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін түсімдердің көлемі нақтыланды.

2015 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 3 174,2 млрд. теңге сомасында айқындалды немесе 45,8 млрд. теңгеге азайған, оның ішінде салықтық түсімдер - 51,9 млрд. теңгеге азайған және салықтық емес түсімдер 5,8 млрд. теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсімдер - 0,3 млрд. теңгеге ұлғайған.

Салықтық түсімдер бойынша болжам жалпы алғанда 3 013,0 млрд. теңге сомасында немесе бекітілген жоспарға қарағанда 51,9 млрд. теңгеге азаюмен анықталды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 183,5 млрд. теңгеге азаюмен нақтыланды.

2015 жылға нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша мұнайлы емес сектордың ЖҚҚ бекітілген жоспарда қабылданған көлемге қарағанда 2,0 пайызға төмендеді.

Қосылған құн салығы бойынша бекітілген жоспарға қарағанда түсімдердің 37,9 млрд. теңгеге ұлғаюы болжанады.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша 2015 жылдың 10 айының нақты түсімдері бойынша есептеулерді нақтылау есебінен 10,0 млрд. теңгеге ұлғаюы болжанады.

Бюджет түсімдері бойынша нақтыланған болжамды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттің қысқаруымен 2015 жылы республикалық бюджет шығыстары нақтыланған бюджет көлемімен салыстырғанда 66,5 млрд. теңгеге азая отырып, 7 179,2 млрд. теңгені құрайды.

Шығыстарды қайта қарау негізінен мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- мемлекеттік органдарды жеткілікті деңгейде әкімшілендірмеу нәтижесінде жылдың қорытындысы бойынша күтілетін игермеу (өтпеген конкурстар, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақытында өткізбеу және басқалары);

- мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша іс жүзіндегі үнемдеу және бюджет қаражатын алушылар контингентінің өзгеруі.

Шығыстарды қайта қарауда неғұрлым үлкен сома келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша көзделді. Қаржы министрлігі бойынша шығыстар оңтайландырылды және жалпы сомасы 11,7 млрд. теңгеге қысқартылды, бұдан өзге 0,1 млрд. теңге сомасындағы шығыстар қайта бөлінді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бойынша шығыстар 9,3 млрд. теңгеге қысқартылды. Ұлттық экономика министрлігі бойынша республикалық бюджет шығыстары 8,8 млрд. теңгеге азайтылды, сондай-ақ республикалық бюджеттің жалпы сомасы 15,8 млрд. теңге шығыстары қайта бөлінді.

Ағымдағы жылғы бюджет тапшылығының мөлшері бекітілген деңгейде сақталған және 1 257,7 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге 3 пайызды құрайды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар