Сенат комитетінде еліміздің көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер мен халықты қорғау және көмек беру мәселесі қаралды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында палата төрағасының орынбасары Қайрат Ищановтың қатысуымен еліміздің көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерін, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының халқын қорғау және көмек беру мәселесі қаралды.
None
None

Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы аясында болған талқылауға Сенат депутаттары, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда, қаржы министрліктері, сондай-ақ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер ресурстарын басқару агенттіктерінің басшылары, Оңтүстік-Қазақстан облысының активті қатысты.

Отырысты ашқан Қ.Ищанов табиғат құбылыстарынан туындаған төтенше жағдайларды ескерту мәселесі Мемлекет басшысының ұдайы назарында екенін атап өтті. Оның тапсырмасы бойынша су тасқыны қауіпті аймақтардың бәріне мониторинг жүргізіліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Төраға орынбасары айтқандай, аймақтардағы су тасқындарының зардаптарын жою мәселесі депутаттардың Министрлер кабинетінің басшысы К.Мәсімовке жолдаған ұжымдық сауалында айтылды. Құжатта сондай-ақ зиян келген нысандарды қалпына келтіру, су тасқынанан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру жөніндегі шаралар туралы Үкімет хабарын тыңдау ниеті де атап көрсетілді.

Осыған байланысты комитеттің кеңейтілген отырысы Сенат Төрағасы Қ.Мәмидің тапсырмасы бойынша өткізілгені айтылып, төтенше жағдайлардың алдын алу, тасыған суды тиімді пайдалану жөніндегі шаралар әзірлеу үшін осы талқылаудың пайдалы болатынына төраға орынбасары сенім білдірді.

Кеңейтілген отырыста еліміздің төтенше жағдайлар министрі В.Божко баяндама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбековтің ақпараты да тыңдалды. С.Қаныбековтің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар шығындарының орнын толтыру, Оңтүстік-Қазақстан облысындағы бүлінген объектілерді жөнге келтіру үшін бюджеттен 787, 363 миллион теңге бөлу қажет.

Талқылау барысында сөз сөйлеген депутаттар су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың өзара тиімді әрекеті, төтенше жағдайлар кезінде мүліктерді сақтандыруға орай халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар