Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 мамырда Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
None
None

Қазақстан мен Болгария арасындағы шартқа 2014 жылғы 14 қарашада Софияда қол қойылған болатын.

Құжат Қазақстан мен Болгарияның құзіретті органдарының арасындағы құзыретті органдарының арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған.

Шартты іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура құзыретті орган болып белгіленді.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Румыния құзыретті органдарының арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған.

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.

Шарт Румыния соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Румыния азаматтарын жазасын одан әрі қарай өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттерге өтеу үшін беру мәселелерін реттейді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар