Сенат комитетінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Келісімге 2007 жылғы 8 тамызда Астана қаласында қол қойылды. Заң жобасының мақсаты Қазақстан-Иордан сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, біздің еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Келісім екі мемлекет арасындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды, осындай тасымалдаударды орындауға үшінші елдерге жіберілген тасымалдаушыларды, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитті реттейді. Заң жобасын ратификациялау Қазақстан-Иордания бағыты бойынша тасымалды орындау үшін құқықтық негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ отырыста «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасы Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру, елдегі инновациялық белсенділікті арттыру үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ ғылымның өндіріспен байланысын нығайту мақсатында әзірленген болатын. Заң жобасының міндеті инновациялық гранттар беру, қайтарымды негіздегі және басқа түрдегі шаралар кешені мен инновациялық жобаларды инновациялық институттарды қаржыландыру арқылы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың нақты тетіктерімен қамтамасыз ету болып табылады. Сенатта заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған нұсқаға комитеттер ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Түзетулер заң жобасының жекелеген ережелерін жетілдіруге, оның мазмұнын жақсартуға және нақтылауға бағытталған. Екі заң жобасын да палатаның қарауына жіберу ұйғарылды.
Соңғы жаңалықтар