Сенат комитетінің отырысында 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі талқыланды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі талқыланды,
None
None

деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Осы мәселені Сенатта қарау барысында Үкімет пен Есеп комитеті есептерінің таныстырылымы болды, жұмыс топтары мен палатаның салалық комитеттерінің отырыстары өтіп, онда бюджет бағдарламалары нәтижелеріне қол жеткізе алмаған министрліктердің есептері тыңдалды.

Есеп комитетінің деректері бойынша, тиісті мерзім ішінде 59,4 миллиард теңге игерілмеген, бюджет бағдарламаларының 39 әкімшіліктерінің ішінен тоғызы ғана қаржысын толық пайдаланған.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар бюджеттік жоспарлау мен болжауды жақсарту, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қалыптастыру рәсімдерін жетілдіру, ұлттық холдингтердің қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын айтты.

Трансферттердің пайдалануын бақылау бойынша жоспарлау тетіктерін жетілдіруге, мақсатты трансферттерді бөлу және пайдалануға, мемлекеттік кепілдендірілген займдарды уақытында қайтаруға, сондай-ақ түпкі нәтижелерге қол жеткізудегі орталық және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға назар аударылды.

Сондай-ақ жарғылық қорларды толықтыру үшін қаржы бөлу және пайдалану рәсімдерін жетілдіру қажеттігі және ол қаржыны депозитке орналастырудан түскен кіріс түрінде қаржыны пайдалану тәртібін реттеу керектігі айтылды.

Талқылау барысында сөз алған Есеп комитетінің басшысы О.Өксікбаев, қаржы министрінің орынбасары Б.Шолпанқұлов, Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Б.Тәжіяқов депутаттардың сауалына да жауап берді.

Соңғы жаңалықтар