Сенат Комитетінің Төрағасы ҚХР Елшісімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чэнь Гопинмен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы жан-жақты әрі кең көлемдегі ынтымақтастықтың даму деңгейіне қанағаттанарлық білдірді. «Қазақстан-қытай қатынастары жоғары деңгейдегі саяси сеніммен, тығыз экономикалық байланыстармен және халықаралық шараларда өзара қолдау көрсетуімен ерекшеленеді», деді Қ.Сұлтанов.Қ.Сұлтановтың пікірінше, заң шығару қызметіндегі тәжірибемен алмасу, Сенат пен халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысының парламентшілері арасында депутаттық делегациялар және достық топтары деңгейінде байланыстарды белсенділендіру екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға септігін тигізбек. Қытай дипломаты, өз кезегінде, Қытай мен Қазақстанды ортақ шекара мен дәстүрлі достық біріктіріп келеді деді.«Екі мемлекеттің басшыларының тікелей қамқорлығы арқасында қазақстан-қытай қатынастары стратегиялық әріптестік, жоғары саяси өзара сенім және экономикалық өзара толықтыру деңгейіне шығып, қауіпсіздік саласында өзара тығыз іс-қимыл жасауға қол жеткізді», деп атап өтті Чэнь Гопин.
Соңғы жаңалықтар