Сенат ҚР Бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға келісім берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенаты ҚР Бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Конституцияға сәйкес, Президенттің Қазақстан Республикасының Бас прокурорын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысы ҚР Конституциясына сәйкес Бас прокурор қызметіне Берік Асыловты тағайындауға Сенаттың келісім беруіне ұсыныс енгізгенін атап өтті.

«Берік Ноғайұлы 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірлерінде прокуратура органдарын басқарды. 2019 жылдың наурызынан бастап ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болды», - деді Н. Жиенбаев.

Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған ұсынысқа келісім берді.

Соңғы жаңалықтар